
2015 жылғы 18 қарашадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы баптың 11 бабы бойынша қаржылық бақылау шаралары бекітілген және оның ішіне:
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi кірістері мен мүлкi туралы декларацияны, көрсетiлген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып;
мыналар:
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, оның iшiнде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге құқылы қаржы қаражаты туралы;
жарғылық капиталына қатысу үлесi мен аталған ұйымдардың толық банктiк немесе өзге де деректемелерiн көрсете отырып, заңды тұлғалардың акционерi немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретiнде өзiнiң қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi, айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәлiметтердi ұсынады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президентімен «Қаржы нарығын даму мен реттеу, шағын қаржы қызметі мен салық салу бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» заңға қол қойылған болатын. Осы Заң жалпы декларациялауды 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 қаңтарына ауыстырыду және декларациялауға кезең кезеңмен көшуді көздейді.
Қаржылық бақылау шараларын жүзуге асыруына байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 11 бапта көрсетілген тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырады.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші кезеңде жалпы декларациялауды бойынша декларацияны:
-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
-мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
-мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады;
-«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі бойынша» Заңына, «Сақтандыру қызметі бойынша» Заңына, «Құнды қағаздар туралы» Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар декларацияны тапсырады.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап екінші кезеңде мемлекеттік мекемелердің жұмысшыларына мен олардың жұбайлары (зайыптары), сонымен қатар квазимемлекеттік секторының субъектілері мен олардың жұбайлары (зайыптары) декларациялауды міндетті болып табылады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары және құрылтайшылары мен олардың жұбайлары (зайыптары), жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (зайыптары) декларациялауды міндетті болып табылады.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап төртінші кезеңде басқа азаматтардың категориялары декларациялауды міндетті болып табылады.
Айтылғанның негізінде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады, осы декларациясында тек тіркелген мүлігін ғана емес, сонымен қатар, өз кірістерін және шығындарын көрсетеді.
Болашақта барлық азаматтар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырған жағдайда, мүлігін басқа азаматтарға, осы мүлікке қатынасы жоқ азаматтарға, тіркеу мүмкіндігі болмайды.
Мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз байуына тиімді шаралардың бірі болып табылады.
ШҚО бойынша МКД
Адам ресурстары басқармасы
қызметтік тергеу бөлімі