Бүгінгі таңда «Майқапшағай» кеден бекетінде кедендік рәсімдеумен бақылауды оңтайландыру және жылдамдату мақсатында жылжымалы инстраскопиялық тексеру кешені (ары қарай ЖИТҚ) жұмыс істеуде. ЖИТҚ жұмысы ҚР ҚМ МКК-нің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №558 «Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің интраскопиялық тексеру кешенін қолданудағы әрекет тәртібі туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады.
Биылғы 2020 жылыдың 9 айында коронавирус пандемиясына байланысты «Майқапшағай» кеден бекеті арқылы автокөліктерді өткізу қаңтар айынан наурыз айы аралығында жүзеге асырылды. Осы аралықта кеден қызметкерлері 45 автокөлік құралдарына ЖИТҚ қолдану арқылы кедендік тексеру жүргізіп, оның 16 көлік құралындағы жүктерге «ЖИТҚ бақылау күдікті» деген белгі қойылып, кедендік тексеруде 15 күдікті расталып, мемлекет қоржынына қосымша 3651160 теңге есептеліп, әкімшілік істер қозғалып 134138 теңгенің айыппұлы салынды.