Қысқартылған іс жүргізу институты

Қысқартылған іс жүргізу институты

Салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғау сатысында қысқартылған іс жүргізу институтын қолдануға құқылы.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 810-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, оның ішінде 44-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген соттың ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, сондай-ақ оның жасалу фактісін мойындайтын және айыппұлды осы ӘҚБтК-нің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көрсетілгеннен елу пайызы мөлшерінде төлеуге келіскен және ұсынылған дәлелдемелерге шағым жасамайтын, оны жасаған адам анықталған істер бойынша қысқартылған іс жүргізу жүзеге асырылады.

Бұл ретте ӘҚБтК-нің 810-бабының екінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу істері мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған жағдайларда қолданылмайды.

Осылайша, ӘҚБтК-нің 897-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (табыс еткен), мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама немесе хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде осы ӘҚБтК Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 804-бабының бірінші бөлігінің 31) тармақшасына сәйкес соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалар құқығы бар екенін атап өту қажет.