
Субъектілік-бағдарланған тәсілді, тәуекелдің қосымша профилін және шығындардың өсуін енгізу арқылы сыртқы шекараларда бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді.
«ТБЖ тиімділігі 73% құрады, 46 мың тексерудің 33,6 мыңында бұзушылықтар анықталды. Кедендік тексерулердің тиімділігі 44% құрады », - деді ол.
М.Сұлтанғазиев ТБЖ қолдану талдауы тұрақты негізде жүргізілетіндігін, ал тиімсіз тәуекел индикаторлары түзетілетінін немесе жойылатындығын атап өтті.
Посткедендік бақылау жұмысын күшейту туралы айтты.
Мәселен, жыл басынан бері 1499 кедендік тексеру жүргізілді, нәтижесінде КТмС-ге қосымша 23,1 млрд.теңге сомасында есеп жасалынып және 7,2 млрд.теңге өндірілді. Бұл өсімге «посткедендік бақылау» модульдерін енгізу және АСТАНА-1 АЖ-да баға туралы ақпаратты автоматты іздеудің арқасында қол жеткізілді.
Кеден статистикасында ҚХР-мен сәйкессіздіктерді азайту үшін ҚХР-дан тауарлардың 6 мың баға индикаторлары енгізілді, тәуекелді тауарлар құнының өсуі байқалады.
Комитет пен ҚХР Бас кеден басқармасымен Қытайдың экспорттық декларациялары негізінде ақпараттармен онлайн алмасуды орнатты.
Инспекциялық-тексеру жабдығы бойынша өткізу пункттерінде кедендік операцияларды бақылау үшін "Ахуалдық орталық " құрылды.
Бақылау-өткізу бекеттерінің барлық техникалық құралдары Орталыққа қосылған, олар 9 айда 702-ден астам заң бұзушылықты анықтады, шамамен 885 млн. қосымша төлемдер есептелді. Испекторлық-бақылау кешенінің скан-суреттерін талдау үшін жасанды интеллект енгізу жоспарлануда.