Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді

Мобильді аударымдар: 2026 жылдан бастап не өзгереді

2026 жылғы 1 қаңтардан мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа өлшемшарты қолданысқа енеді.

📌 Не өзгеруде?
Бұрын тек аударымдар саны ескерілетін — 3 ай қатарынан 100 немесе одан да көп әртүрлі тұлғадан түскен жағдайда.
Енді қосымша талап енгізіледі:
👉 дәл сол 3 айда түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асуы керек.

📌 Қашан кәсіпкерлік қызмет белгісі туындайды?
Егер сіздің жеке (бизнеске арналмаған) шотыңызға 3 ай қатарынан әр айда:
• 100 әртүрлі адамнан ақша түссе, және
• жалпы сома 12 ЕТЖ-дан асса,
онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыс белгілері бар ретінде есептеледі.