
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттк кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) салық төлеушілердің назарына, «Виртуалды қойма» модулі тауарларының тізбесіне дәрілік заттар бойынша СЭҚ ТН 39 коды және құрамында алтын бар тауарлар бойынша СЭҚ ТН 12 коды енгізілгендігін хабарлайды.
Жоғарыда аталған тауар топтары үшін «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру жөніндегі міндеттеме 2020 жылғы 1 қазаннан басталады.
«Виртуалды қойма» модулінде жұмыс туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің «ЭШФ АЖ» бөлімі (www.kgd.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылған.
«Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру міндеттемелері бар салық төлеушілерге консультациялық көмек көрсету үшін, Департамент WhatsApp чатын құрғандығын хабарлайды.
Бұл ретте, салық төлеушілерді чатқа қосу үшін чат әкімшісінің байланыс деректері - 8-777-504-94-47; 8-7232-70-04-59.
Түсіндіру жұмыс басқармасы