
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын: «1-1. Мыналар: міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік мединицалық сақтандыруға аударымдар мен жарналардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті; жеке практикамен айналыстан адамдарды қоспағанда, әлеуметтік салық мөлшерлемесіне «12/19» коэффициенті белгіленсін. Осы тармақтың ережесі жеке практикамен айналысатын адамдарға, сондай-ақ осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінін тізбесі бойыншақызметті жүзеге асыратын микро, шағын және орта кәсіпкеркерлік субъектілеріне және дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, төлеу (аудару) мезрімі 2020 жылғы 1 қазаннан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде олардың қызметкерлеріне қатысты қолданылады.». 2. Осы қаулы 2020жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.