Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы – дербес шоттан көшірме беру.

Салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысудың жағдайы туралы салық төлеушінің дербес шотынан көшірме (бұдан әрі- Көшірме) - бұл мемлекеттік кірістер органдарында есеп жүргізу көзделген салық төлеушілердің дербес шоттары бойынша, бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша ақпарат.

Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін  2020 жылдың  20 желтоқсанынан бастап дербес шоттар барлық мемлекеттік кірістер басқармалары бойынша қалыптастырылады, оларда дербес шоттар бірден бірнеше кезеңге ашылады.

Жеке шоттан үзінді-көшірме алу кез келген қызықтыратын уақыт кезеңі үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

Үзінді жеке тұлғалар үшін де, заңды тұлғалар үшін де ұсынылады.

Жеке шоттан көшірме кезеңнің басындағы және соңындағы сальдо жазбаларынан тұрады. Сондай-ақ салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген, кемітілген, төленген(қайтарылған) сомалары көрсетіледі.

Көшірме салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша электрондық түрде осындай өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етіледі. Бұл ретте салық төлеуші "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz  " немесе "Салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасы арқылы үзінді көшірме алуға өтініш жіберуге құқылы.

 

Карменова А.С.

ШҚО бойынша МКД МҚКБ

бас маманы

Дата публикации
30 апреля 2021
Дата обновления
30 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы