Меню

Страницы

Статья

Кедендік тексерулер жүргізу тәртібі бөлігінде өзгерістер енгізу

2021 жылғы 05 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №407-VI ҚРЗ Қазақстан Ресбупликасының Заңына кеден және салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша қол қойылуына байланысты.

Кеден кодексінің 416-1 бабына қосымша енгізу

Тузету кедендік тексеруді жарамсыз деп тану жөніндегі нормаларды өрескел бұзушылықтармен жүргізілген нормаларды қарайды.Бұл ретте бұзушылықтарға мыналар жатады:

- осы Кодексте белгіленген кедендік тексеру жүргізу мерзімдерін бұзу;

- тексерілетін тұлғаға кедендік тексерудің алдын ала актісін жібермеу немесе табыс етпеу;

-нәтижелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақ кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің болмауына және (немесе) тексерілетін тұлғаның оларды ұсынбауына байланысты бұзу фактілері анықталған камералдық кедендік тексеруді осындай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткенге дейін аяқтау.

Кеден кодексінің 417-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жаңа 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5, 3-6 и 3-7  тармақтарды енгізу

Тексерілген тұлғаға камералдық салықтық бақылауға ұқсас бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны тапсыру арқылы тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері негізінде камералдық кедендік тексерулер жүргізу рәсімі енгізілді.

Бұл ретте хабарламаға немесе хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағым жасау Мемлекеттік кірістер Комитетіне немесе сот органдарына жүзеге асырылады.

Хабарлама орындалмаған жағдайда кеден органы хабарламада көрсетілген сомаға төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады, бұл ретте кеден органы осы баптың  3-1, 3-2, 3-3, 3-4 и 3-5 тармақтарын қоспағанда, Кеден кодексінің 417- бабында көзделген тәртіппен толық камералдық кедендік тексеруді тағайындауға және жүргізуге құқылы.

5000 еселенген АЕК-тен асстам сомаға хабарлама орындалмаған жағдайда, кеден органы көшпелі кедендік тексеру тағайындауға және жүргізуге құқылы.

Бұл түзету тексерілетін тұлғаны жауапкершілікке тартпай бұзушылықтарды ерікті түрде жоюды ынталандыруды және төлеушінің жеке шотына аудару мақсатында енгізіледі.

Кеден кодексінің 417-бабының 5-тармағына өзгерістер енгізу

5-тармаққа түзету тексерілетін тұлғаның тауарларға арналған декларацияда мәлімделген құжаттар бойынша құжаттарды ұсыну мерзімін күнтізбелік жиырма күнге дейін, сондай-ақ өзге де құжаттар  мен мәліметтер үшін екі айға дейін ұзарту мүмкіндігін көздейді

 

ШҚО бойынша МКД ТШКББ

Дата публикации
26 апреля 2021
Дата обновления
26 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы