Меню

Страницы

Статья

ТЖБАЖ - тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі

ТЖБАЖ - автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеуді бақылау үшін кеден органдары пайдаланатын,  көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін айқындаудың және бейнебақылаудың автоматтандырылған жүйесі.

Кедендік шекарада орналасқан автомобиль өткізу пунктіндегі (ары қарай-өткізу пункті) Мемлекеттік кірістер органындағы жұмыс "Өлшеулер" ТЖБАЖ автоматтандырылған жұмыс орындарының (ары қарай – АЖО) көмегімен жүзеге асырылады.

ТЖБАЖ арқылы кедендік бақылау Қазақстан Республикасына кірген кезде ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өтетін барлық автомобиль көлік құралдарына (ары қарай - көлік құралдары) қатысты жүргізіледі.

ТЖБАЖ арқылы кедендік бақылау жүргізілмейді:

-тауарды тасымалдау үшін пайдаланылмайтын жеңіл көлік құралдарына;

-габаритті емес және бөлінбейтін жүктерді тасымалдайтын жүк көлік құралдарына;

-халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автобустарға.

Көлік құралдары ЕАЭО кедендік аумағына кірген кезде, ТЖБАЖ көмегімен келесі шаралар жүргізіледі:

  1. көлік құралының нөмірін, тіркеменің нөмірін, салмағы мен габариттерін автоматты түрде айқындау;
  2. бейнекамералар арқылы көлік құралын сыртқы тексеру;
  3. көлік құралының алдыңғы және артқы көрінісін автоматты түрде қалыптастыру.

Бақылау  АЖО «Өлшеулер» операторы арқылы жүзеге асырылады.

"Өлшеулер" АЖО-да  жұмыс істеу кезінде оператор мыналарды қамтамасыз етеді:

  • көлік құралын нөмірлері бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік беретін көлік құралының алдыңғы және артқы нөмірлері суреттерінің сапалы бейнесі;
  • көлік құралының нөмірлерін автоматты түрде оқу;
  • өлшенетін көлік құралын таразы жабдығының техникалық талаптарына сәйкес өлшеу;
  • габаритті параметрлерді өлшеу.

Көлік құралының габариттік параметрлерін автоматты түрде айқындау мүмкіндігі болмаған кезде өлшеуді оператор жүргізеді және ТЖБАЖ-ға қол режимінде енгізеді.

                             «Бахты» кеден бекетінің жетекші маманы О.Е. Омарбеков

Дата публикации
26 апреля 2021
Дата обновления
26 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы