"Электрондық шот-фактуралар" жүйесі туралы
2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда ерікті түрде шот-фактураларды электронды түрде жазу мүмкіндігі пайда болды.
"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) нақты уақыт режимінде сауда операцияларына қатысушылар арасында шот-фактураларды жазып беру мен алмасуды электрондық түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
API-интерфейсінің болуы ЭШФ АЖ-ны бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша ERP жүйелерімен біріктіруге мүмкіндік береді.
ЭШФ АЖ тіркеу қадамдары:
ЭШФ АЖ пайдаланушыларды қолдау қызметінің мекенжайы esfsd@mgd.kz
Өтініштер регламент бойынша рәсімделеді
Маңызды!!!
Заңды тұлғаны ЭШФ АЖ-да тіркеу тек бірінші басшының сертификаттарын пайдалана отырып жүзеге асырылады!
Заңды тұлғаны тіркеу үшін бірінші басшыға ХҚКО-да берілетін Ұлттық куәландырушы орталықтың жеке және заңды тұлғасының сертификаттарын алу қажет.
ШОТ-ФАКТУРАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРДЕ ЖАЗЫП БЕРУ КЕЗІНДЕГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР:
* ЭШФ жазып беру мерзімін 15 күнге дейін ұлғайту.
* ЭШФ шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.
* Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды шығару бойынша құқықтарды беру мүмкіндігі.
* Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ басқару мүмкіндігі.
* Егер барлық шот-фактураларды электронды түрде жазып берсеңіз, сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07).
* Барлық шот-фактуралар электронды түрде берілген жағдайда, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.08).
* Өнімнің өмірлік циклын көру мүмкіндігі.