Жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өндірістік емес төлемдер басқармасы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
12 мемлекеттік органда 250.00 нысаны бойынша жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны толтыру және тапсыру тәртібі бойынша семинарлар өткізілді, 8 ақпаннан бастап күнделікті оқыту семинарының кестесі жасалып, ZOOM арқылы қосылумен 106 мемлекеттік органдарға жеткізілді, барлық мемлекеттік органдарға ақпараттық материалдармен хаттар жіберілді, онлайн режимінде түсіндіру апта сайын сәрсенбіде сұрақ-жауап форматында жүргізіледі.
Материалдар мен бейнематериалдар, түсіндірме ақпарат Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД Instagram-дағы ресми аккаунтында орналастырылған.
Жыл басынан бері 01.03.2021 жыл жағдайы бойынша барлығы 1567 іс-шара өткізілді, оның ішінде 361 семинар, 12 теледидарда, 189 интернет-ресурстарда, 54 ақпараттық стенділер мен билбордтарда, 951 хаттар мен түсіндірме материалдары орналастырылды.
01.03.2021 жылғы жағдай бойынша 40835 тұлғамен декларация тапсыруы қамтамасыз етілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.