1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Пилоттық жобаның қатысушылары
1) алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша мәліметтерді талдау негізінде, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде анықталған жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған ҚҚС төлеушілер;
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған, салық төлеушілер жазылып берген ЭШФ сәйкес тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын салық төлеушілер (контрагенттер);
3) мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.
3-тарау. Пилоттық жобаның қатысушыларының құқықтары мен міндеттемелері
1) ЭШФ қайтарып алу жолымен салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға;
2) құпия (қызметтік) ақпараттар болып табылатын тәуекел басқару жүйесінің өлшемшарттарын қоспағанда, жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу жөнінде мемлекеттік кірістер органдарынан түсініктемелер алуға құқылы;
1) Осы Ережемен анықталған тәртіппен жолдалынған хабарламаларды орындауға;
2) қаржылық-шарушалық операцияларды жүзеге асыруын растайтын құжаттардың көшірмесін мемлекеттік кірістер органдарының талап етуі бойынша ұсынуға міндетті.
1) салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін камералдық бақылау жүргізуге;
2) пилоттық жобаны іске асыру барысында жоғары тәуекел деңгейіне жатқызылған салық төлеушіден қаржы-шаруашылық операциясын жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттарды ұсынуды талап етуге;
3) пилоттық жоба шеңберінде ЭШФ жазып беруге шектеу жүргізілген салық төлеушілер тізімі айына бір реттен жиі емес Комитеттің http://kgd.gov.kz ресми сайтында орналастыруға құқылы.
1) құпия (қызметтік) ақпараттарға жататын тәуекелелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттарын қоспағанда, салықтық әкімшілендірудің өзгеше нысанын қолдану негіздері жөнінде түсініктемелер ұсынуға;
2) құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттары жөнінде түсініктемелер ұсынуға міндетті.
4-тарау. Хабарламаларды орындау тәртібі
1) егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіскен жағдайда, жазып берілген ЭШФ қайтарып алған жағдайда;
2) егер де, көрсетілген хабарламадағы бұзушылықтармен келіспеген жағдайда-салық төлеуші қаржы-шаруа операцияларын нақтылайтын, құжаттардың көшірмесін қоса отырып түсінік ұсынған жағдайда салық төлеушінің орындағаны болып танылады.
5-тарау. Жобаның іске асыру тәртібі және мерзімдері
1) жазып берілген ЭШФ көрсете отырып (олар болған кезде), салық төлеушінің атына хабарлама. Бұл ретте осындай ЭШФ жазып берілген күн 2019 жылғы бірінші қаңтардан ерте болуы мүмкін емес;
2) ЭШФ АЖ салық төлеушінің жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылатындығы туралы хабардар ету және, егер хабарлама орындалмаған жағдайда, ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданылады;
3) ЭШФ деректеріне сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушы болып табылатын салық төлеушіге "Салық төлеушілердің кабинеті" веб-қосымшасында хабарлама жолдайды.
1) осындай түсіндірулер Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылмаған жағдайда, түсіндіруді талдау аяқталған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде;
2) осындай хабарлама орындалмаған жағдайда, хабарламаны орындау мерзімі өткеннен кейін бір жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ кіруге шектеу қолданады.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары ЭШФ АЖ-ға кіруге осындай шектеу болған кезде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану туралы, сондай-ақ хабарламаның орындалмауы туралы ЭШФ АЖ-ға хабарлама жолдайды.