"E-Salyq " мобильді қосымшасында "Салық әмияны "қосымшасы бетінде "Артық төлемді басқару " сервисі іске асырылған.
Салық төлеушілерге ұсынылған деректемелер бойынша (БСК, ТТК, МКБ коды, сома) артық немесе қате төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын есепке алуды жүргізуге немесе бюджеттен қайтаруға электрондық өтінім жіберу мүмкіндігі берілген.
Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін салықтық емес төлемдерді есептеу немесе қайтару бойынша операциялар осы сервисте "салықтық емес Бюджеттік төлемдер бойынша деректемелерді таңдау" қосымша бетінде деректемелердің дербес жиынтығы арқылы жүзеге асырылады.