Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі»

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын талаптарын ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі - Әдеп кодексі) талаптарын сақтау және орындау қарқынды өзектілікке ие болып келе жатыр.

                Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, өз функционалды міндеттерін уақытылы, дұрыс, тікелей орындауына жоғары талап етіп ғана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің сырт-келбетіне және де мемлекеттік қызметшілердің тұлға-аралық, басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынасын реттейді.

         Жаңа Әдеп кодексінің айырмашылығы - қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын реттейді және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мағынасы бірінші рет енгізілді.

      Әдеп кодексіне сәйкес әрбір мемлекеттік органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қоспағанда) Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді.

      Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер:

  • өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға тиіс.
  • Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
  • жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;

2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;

3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

         Әдеп кодексімен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже енгізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады: мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Әдеп жөніндегі уәкіл өзінің функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды олардың өтініші бойынша немесе баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүзеге асырады.

Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттік қызметшімен әңгімелесу телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргізілуі мүмкін.

Әдеп жөніндегі уәкіл туралы мәліметтер, оның ішінде тегі, аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірлері заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның интернет-ресурсында және мемлекеттік органның ғимаратында баршаға көрінетіндей жерде орналастырылады.

         Әдеп кодексінің талаптарын сақтау үшін ШҚО бойынша МКД-да үнемі түрде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті шаралар атқарылады. Әдеп жөніндегі уәкілмен семинарлар, жиналыстар жүргізіледі, сонымен қатар, заң бұзушылықтарын болдырмау мақсатында кеден бекеттеріне, аймақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына сапар жүргізу барысында алдын ала профилактикалық шаралар қолданылады.

         Мемлекеттік кірістер органдарының әдеп талаптарын бұзу бойынша сұрақтар болған жағдайда Сіз ШҚО бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкіл Е.М. Татубаевқа жүгінуге құқылысыз. Ол мемлекеттік қызметшілерді және азаматтарды әр айдың ақырғы жұмасында сағат 15.00 ден 18.00-ге дейін келесі мекен-жайы бойынша қабылдауды жүргізеді: Өскемен қаласы Пермитин көшесі 27 үй 301 «А» кабинетінде, немесе жұмыс күндерінде төменгі көрсетілген телефонға звондауға болады 8/7232/24-04-12.

         Әдеп кодексінің талаптарын сақтау бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде үнемі түрде бақылауда жүргізіледі.

                 
                                                            Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

басшысының орынбасары

ШҚО бойынша МКД

Әдеп жөніндегі уәкіл

Е.М. Татубаев

Дата публикации
15 декабря 2020
Дата обновления
15 декабря 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы