Меню

Страницы

Статья

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы»

ПРЕСС – РЕЛИЗ

       2020 жылдың 22 қаңтар күндері Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі-Департамент) басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Ерик Мухамедканапиянович Татубаев және Департаменттің Адам ресурстар басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Жанар Кабдыкадыровна Шамшина Департаменттің Глубокое, Ұлан, Бесқарағай аудандары бойынша  мемлекеттік кірістер басқармаларында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі-Әдеп кодексі) мен сыбайлас-жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау туралы» атты тақырыпта  шығарылған жиналыс өткізілді.

Этикалық кодекстің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға және де өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Осыған байланысты ШҚО бойынша МКД-ның Әдеп жөніндегі уәкілмен ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкерлердің жағынан әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүйесінің негізінде мониторингі тоқсан сайын жүргізіледі.

Өз баяндамасында Е.М. Татубаев Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқына, өз функционалды міндеттерін дұрыс, анық, уақытылы орындауына жоғары талап ғана қоймай, сонымен қатар, мемлекетік қызметкерлердің сырт келбетіне де жоғары талап бар екенін айтып, және де  мемлекеттік қызметкерлер арасында тұлға аралық қатынастарды, басшы мен бағыныстағы қатынастарды реттейтінін көрсетті. 

Ж.К. Шамшина  ШҚО бойынша МКД мемлекеттік қызметкшілердің жағынан Әдеп кодексінің бұзылған фактілері туралы жеке атап өтті. Жасалған сыбайлас-жемқорлық фактілер туралы статистикалық мәліметтер көрсетілді. Жиналыс барысында елдің басқа аймақтарында мемлекеттік кірістер органдардың лауазымды қызметкерлерді ұстау фактілері туралы баяндады. Мемлекеттік кірістер органдардың лауазымды қызметкерлердің және жұмыскерлердің жағынан сыбайлас-жемқорлық құқықбұзушылық жасау фактілерін алдын-алу туралы ШҚО бойынша МКД жүргізілген жұмысын көрсетті.

Жиналыстың соңында қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Жиналыстың қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл ШҚО бойынша МКД барлық мемлекеттік қызметкерлерден Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және басқа да күнделікті жұмыста қолданатын нормативтік-құқық актілерін сақтауын талап етті.

Қатысқандарға алғысын айтып, жұмыста сәттілік тіледі.     

                Шығыс Қазақстан облысы

бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің қызметтік тергеу

бөлімі

Дата публикации
14 декабря 2020
Дата обновления
14 декабря 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы