Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың сот тәртібіндегі банкроттығы: ерекшеліктері және құқықтық салдары

Қазақстан Республикасында ақшалай міндеттемелерін орындауда қиындықтарға тап болған азаматтар үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қарастырылған.

Сот арқылы банкроттық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңында белгіленген негіздер болған жағдайда қолданылады.

Негіздердің бірі – кредиторлар алдындағы берешектің 1600 АЕК-тен асуы. 2026 жылы бұл сома 6 920 000 теңгені құрайды. Кейбір жағдайларда берешек мөлшері шешуші мәнге ие емес, мысалы, өзге кредиторлар алдында міндеттемелер болған кезде. Сонымен қатар, әдетте, қатарынан 12 ай бойы міндеттемелердің өтелмеуі және заңда көзделген берешекті реттеу шараларының жүргізілуі талап етіледі.

Рәсім азаматтың тұрғылықты жері бойынша сотқа өтініш беруінен басталады. Өтінішке кредиторлар, берешек, мүлік туралы мәліметтер және басқа да қажетті құжаттар қоса беріледі. Рәсімге қаржы басқарушысы қатысып, борышкердің қаржылық жағдайын талдайды, мүлкін анықтайды және кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады. Өткізілуге жататын мүлік заңда белгіленген тәртіппен берешекті өтеу үшін сатылуы мүмкін.

Рәсім аяқталғаннан кейін қалған міндеттемелер тоқтатылады. Алайда алименттер, адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу міндеттемелері, мемлекет алдындағы жекелеген міндеттемелер, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша келтірілген зиян және қаржы басқарушысының сыйақысы есептен шығарылмайды.

Банкроттық белгілі бір шектеулерге де әкеп соғады: бес жыл ішінде азамат ломбардтардың микрокредиттерін қоспағанда, қарыз ала алмайды, сондай-ақ белгілі бір шарттар бойынша кепілгер немесе поручитель бола алмайды.

Осылайша, сот арқылы банкроттық азаматтың шамадан тыс борыштық жүктемесін реттеуге мүмкіндік береді, бірақ заңда белгіленген талаптарды сақтауды және белгілі бір құқықтық салдардың туындауын көздейді.

Дата публикации
01 октября 2026
Дата обновления
02 октября 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы