Меню

Страницы

Статья

«Майқапшағай» кеден бекетінде дизель отынын заңсыз әкетуге әрекеттің жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды жүргізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуы бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Осындай кезекті іс-шара барысында ШҚО аумағында жүк автокөлігінің қосымша орнатылған багында жасырылған дизель отынын заңсыз алып шығуды тоқтату фактісі анықталды.

2026 жылы 15 қыркүйек айында ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ және ШҚО бойынша ЭТД қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР-дан ҚХР-ға бара жатқан ҚХР азаматының бос жүк автокөлігін тексеру барысында арнайы жабдықталған қосымша бактарда жасырылған 860 литрге жуық дизель отынын алып шығу әрекетінің жолын кесті.

Процестік шешім қабылдау үшін материалдар ШҚО бойынша ЭТД-ға жіберілді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік шекарадан өту кезінде ҚР заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

Департамент жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың жолын кесу, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау және тауарлардың орын ауыстыруының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды іске асыруды жалғастырады.

Заңнаманы бұзу фактілері туралы облыс тұрғындары Мемлекеттік кірістер департаментіне: Пермитин көшесі, 27 мекенжайы бойынша немесе 8-7232-57-84-79 телефоны арқылы хабарлай алады.

 

Дата публикации
29 сентября 2026
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы