Меню

Страницы

Статья

Аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау"тақырыбында кездесу.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасының қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің басшысы Бейсекенов Т.Ж. Зайсан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғаларымен кеңес өткізді.

Кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері қаралды.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметшілердің белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде Бейсекенов Т. Ж. мемлекеттік қызметшілер өздерінің мінез-құлқымен қоғамға үлгі болуы, заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуі, сондай-ақ қызметтік уақытта да, қызметтен тыс уақытта да өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына, көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқаруына, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болуына жол бермеу жөніндегі талаптар жеткізілді.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын тұрақты түрде сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдарда заңдылық, жауапкершілік және қызметтік міндеттерін адал орындау ахуалын қалыптастыру қажеттілігіне назар аударылды.

Дата публикации
28 сентября 2026
Дата обновления
28 сентября 2026
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы