Меню

Страницы

Статья

Кеден бекетінде «Кеден» АЖ-де электрондық сауда тауарларын декларациялау тәртібі

2026 жылғы 18 маусымда «Өскемен-ЦТО» кеден бекетінде «Кеден» АЖ-де электрондық сауда тауарларын декларациялау тәртібі мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Жақын арада «Keden» ҒЗЖ ақпараттық жүйесінде «электрондық сауда тауарларына декларация (ДЭТ)» жаңа модулін іске қосу жоспарлануда.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар шетелдік интернет-алаңдарда және интернет-дүкендерде сатып алған тауарлар электрондық сауда тауарларына жатады және белгіленген тәртіппен кедендік операциялар жасауға жатады.

Электрондық сауда арқылы жасалған сыртқы сауда мәмілелері шеңберінде жеке тұлғалар сатып алған және Жеке пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар электрондық сауда тауарлары деп танылады.

Электрондық сауда тауарларына қатысты бір сәлемдемеге 200 еуро мөлшерінде бажсыз әкелудің құндық нормасы сақталады. Егер тауардың құны белгіленген шектен аспаған жағдайда, кедендік төлемдерді төлеу жүргізілмейді.

200 еуро мөлшеріндегі құн шегінен асқан кезде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж тауар құнының 5 проценті мөлшерлемесі бойынша, бірақ 1 килограмы үшін 1 еуродан кем емес, сондай-ақ 16 процент мөлшеріндегі ҚҚС төленуге тиіс.

Кездесу барысында кеден бекетінің лауазымды тұлғалары электрондық сауда тауарларын кедендік ресімдеу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Дата публикации
17 сентября 2026
Дата обновления
17 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы