13.07.2026 жылы ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінде СЭҚ қатысушыларымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстел» барысында, ҚР кеден тасымалдаушыларының тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың тауарларды тасымалдауды (тасуды) жүзеге асыруы бөлігінде кедендік транзиттің кедендік рәсімін (КТКР) қолдану тәртібі түсіндірілді.
ҚР Кодексінің 226-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес КТКР-ға орналастырылатын тауарларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» декларант ретінде декларацияланатын тауарларды тасымалдауды (тасуды) жүзеге асыратын кеден тасымалдаушысы болған жағдайда кедендік баждар және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылмайды.
Осылайша, көрсетілген норманы қолдану мақсатында транзиттік декларацияны (бұдан әрі – ТД) толтыру кезінде кеден тасымалдаушысы туралы мәліметтер 14 «Декларант» және 50 «Тасымалдаушы» бағандарында көрсетілуге тиіс.
Құрметті сыртқы экономикалық қатысушылар, қамтамасыз етуді ұсынбауға тауарлардың декларанты ретінде кеден тасымалдаушысы туралы мәліметтер (ТД-ның 14-бағаны) көрсетілген және кедендік декларациялаудың белгіленген тәртібі сақталған жағдайда ғана жол беріледі.
Осы талап ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден тасымалдаушыларының тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларға да қолданылады.