Сұрақ: Жеке тұлғаның мүлік салығының сомасы неге байланысты?
Жауап: Мүлік салығының сомасы салық салу объектісінің құнына байланысты. Мұндай объектілерге, атап айтқанда, жеке тұлғаның меншік құқығындағы тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай құрылыстары, гараждар және басқа да құрылыстар мен үй-жайлар жатады. Салық объектінің құны мен салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер ескеріле отырып есептеледі. Салық салу мақсаттары үшін жылжымайтын мүліктің құнын есептеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.