Меню

Страницы

Статья

Жылжымайтын мүлікті жалға беруден түсетін табыстарға салық салу мәселесі бойынша түсіндірме

Жылжымайтын мүлікті жалға беруден түсетін табыстарға салық салу мәселесі бойынша түсіндірме

Сұрақ: Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке тұлға жылжымайтын мүлікті жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, заңды тұлғаға жалға бере ала ма?

Жауап: Жеке тұлғаның жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жылжымайтын мүлікті заңды тұлғаға – салық агентіне жалға беруден алатын табысы төлем көзінен салық салынуға жататын табыстарға жататынын ескере отырып, егер жеке тұлға жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын болса, мұндай жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.

Бұл жағдайда заңды тұлға – салық агенті төленетін табыстан жеке табыс салығын (ЖТС) дербес есептейді, ұстайды және бюджетке аударады, сондай-ақ тиісті салық есептілігін ұсынады. Егер ЖТС салық агенті тарапынан толық есептеліп, ұсталып және бюджетке аударылған болса, жеке тұлғада осы табысқа қатысты кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеті туындамайды.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікті бірнеше заңды тұлғаға жалға беруден табыс алған кезде табыстың жалпы мөлшерін ескеру қажет. Салық кодексінде белгіленген 8 500 АЕК шегінен асып кеткен жағдайда, жеке тұлғада табысты өз бетінше декларациялау және асып кеткен сомадан 15 % мөлшерлеме бойынша ЖТС төлеу бойынша міндеттемелер туындауы мүмкін.

Дата публикации
17 сентября 2026
Дата обновления
17 сентября 2026
Тип
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы