1. Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны кім төлеуге міндетті?
Жауап:
Төлеушілерге Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын жер үсті су объектісінен тікелей алуға арнайы су пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар жатады.
Бұл ретте ресімделген рұқсат құжатысыз арнайы су пайдалану су ресурстарын белгіленген алу және (немесе) пайдалану көлемдерінен асыра пайдалану ретінде қарастырылады.
2. Суды алу үшін төлемақы мөлшері қалай анықталады және 2026 жылы қандай мөлшерлеме қолданылады?
Жауап:
Салық салу объектісі, атап айтқанда, жер үсті су объектісінен алынған судың көлемі болып табылады. Төлемақы мөлшерлемелерін тиісті әдістеме негізінде жергілікті өкілді органдар белгілейді.
Суды алудың нақты көлемі белгіленген көлемнен асып кеткен жағдайда, асып кеткен көлемге бес есеге ұлғайтылған мөлшерлеме қолданылады.
3. Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларацияны қайда және қандай тәртіппен ұсыну қажет?
Жауап:
Төлемақы бойынша декларацияны төлеушілер арнайы су пайдалану орны бойынша салық органына ұсынады.