Меню

Страницы

Статья

Өткізу пунктеріндегі көліктік бақылауды жүзеге асыру

ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінде, өз құзірет шегінде, Еуразиялық экономикалық одақ кеден шекарасы арқылы көліктік өткізу пунктілерінде көліктік бақылау жүргізу функциялары атқарылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 402 бабының 9 тармағына сәйкес, көліктік бақылау жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

Кеден бекеттің лауазымды тұлғаларымен көліктік бақылау, қатаң түрде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 230 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 141 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларымен көліктік бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Аталған қағидаларда, көлік құралына қатысты көліктік бақылау және де іс-жүзіндегі салмақтық және габариттік параметрлерін тексеруді жүзеге асыру кезіндегі лауазымды тұлғалардың іс-әрекеті бекітілген.

2026 жылдың 8 айында, ШҚО бойынша МКД «Майқапшағай» кеден бекетінің лауазымды тұлғаларымен 14256 көлік құралдарына қатысты көліктік бақылау жүргізілген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда автокөлік құралдарының саны 27% пайызға ұлғайғандығы байқалады.

Дата публикации
16 сентября 2026
Дата обновления
16 сентября 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы