Меню

Страницы

Статья

ЕАЭО елдеріне тауар тасымалы: кәсіпкерлер нені ескеруі қажет?

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауар жөнелтетін кәсіпкерлер оның шығу тегі мен Қазақстанға қандай кедендік мөлшерлемемен әкелінгенін алдын ала анықтауы қажет. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Темір Кулекин мәлімдеді.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы алдындағы міндеттемелеріне сәйкес, ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифінен төмен мөлшерлеме қолданылатын тауарлар Алып қою тізбесіне енгізілген. Оларды одақ елдеріне әкету мүмкіндігі импорт кезінде төленген кедендік бажға байланысты.

Егер тізімдегі тауар үшінші елден Қазақстанға ДСҰ-ның төмендетілген мөлшерлемесімен әкелінсе, оны ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекетке жөнелтуге болмайды. Ал ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифі бойынша рәсімделген өнімді қажетті құжаттар болған жағдайда одақ аумағында өткізуге рұқсат етіледі.

Сондықтан кәсіпкер тауарды сатып алар алдында оның ЕАЭО СЭҚ ТН кодын, шығу тегін және бастапқы импортқа қатысты құжаттарды тексеруі тиіс. Шартта, инвойста, көлік құжаттарында, тауарларға арналған декларация мен электрондық шот-фактурада көрсетілген мәліметтер өзара сәйкес болуы қажет.

Тауардың атауы, саны, коды немесе басқа да сәйкестендіру деректері сәйкес келмесе, қосымша тексеру жүргізілуі мүмкін. Мамандар мұндай мәселелердің алдын алу үшін тауардың кедендік мәртебесін сатып алу кезінде анықтап, құжаттарды алдын ала реттеуге кеңес береді. Қажет болған жағдайда аумақтық мемлекеттік кірістер органынан түсіндірме алуға болады.

Дата публикации
16 сентября 2026
Дата обновления
16 сентября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы