Меню

Страницы

Статья

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтарды есептеу

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану кезінде жеке табыс салығы немесе корпоративтік табыс салығы салық салу объектісіне 4 пайыз мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес есептеледі.

Салық салу объектісі болып салық кезеңі ішінде шегерімдерсіз алынған табыс танылады.

Жергілікті өкілді органдар  салық мөлшерлемесін қызмет түріне және салық салу объектісінің орналасқан жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге немесе арттыруға құқылы. Осылайша, салық мөлшерлемесі 2 пайыздан 6 пайызға дейін болуы мүмкін.

Алайда мөлшерлемені жеке салық төлеушілерге қатысты жеке тәртіппен өзгертуге тыйым салынады.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер әлеуметтік салық пен қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылады, импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС және бейрезидент үшін төленетін ҚҚС жағдайларын қоспағанда.

Салық және есептілік кезеңі күнтізбелік жартыжылдық болып табылады:

  • бірінші жартыжылдық — 1 қаңтардан 30 маусымға дейін;

  • екінші жартыжылдық — 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 727-бабына сәйкес 910.00 нысанындағы оңайлатылған декларация салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Осыған сәйкес декларация мына мерзімдерде тапсырылады:

  • бірінші жартыжылдық үшін — 15 тамыздан кешіктірілмей;

  • екінші жартыжылдық үшін — келесі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей.

Декларацияда көрсетілген салықтарды төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады:

  • бірінші жартыжылдық үшін — 25 тамыздан кешіктірілмей;

  • екінші жартыжылдық үшін — келесі жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмей.

 

Дата публикации
10 сентября 2026
Дата обновления
10 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы