Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушінің дербес шоттарында өсімпұл есептеу тәртібі

Мемлекеттік кірістер органы салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, сондай - ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке алуды салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - СӘАЖ) дербес шоттарында жүргізеді.

Өсімпұл - бұл салық міндеттемесін уақтылы орындамағаны үшін есептелген ақша сомасы, яғни бұл салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді кешіктіргені үшін жауапкершілік шарасы.

Дербес шоттарда өсімпұлды есептеу тәртібі "Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.

Бұйрыққа сәйкес өсімпұлдар салықтық міндеттемені белгіленген мерзімде орындамағаны үшін күн сайын жеке шоттарда есептеледі және СӘАЖ-да автоматты түрде есептеледі.

Жеке шоттарда өсімпұл есептеу:  

1) мерзімі өткен бересінің қалдығын өзгертетін әрбір есептік операциядан кейін;

2) әр айдың соңында төлем мерзімі күнінен кейінгі күннен кейінгі уақыт үшін немесе өсімпұл соңғы есептелген күн үшін;

3) берешектің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді беру кезінде жүргізіледі.

Екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банктік шоттардан салықтардың және төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын есептен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есепке жатқызбағаны) үшін, салық төлеушілердің (салық агенттерінің) банктік шоттарынан есептен шығарылған сомаларды және салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу есебіне, екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына салынған қолма-қол ақшаны есепке жазылған банктік сыйақыларды бюджетке уақтылы аудармағаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мерзімі өткен әрбір күнге белгілеген базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есепке жазылады.

Өсімпұлды есептеу салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға уәкілетті органға шағымданған жағдайда уәкілетті орган шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарғанға дейін; салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасалған жағдайда – шағымды қарау нәтижелері бойынша сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Баяндалғанның негізінде, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өсімпұлды есептеуді болдырмау үшін заңнамада белгіленген мерзімдерде салықтық міндеттемелерін уақтылы төлеу қажет.

Дата публикации
09 сентября 2026
Дата обновления
09 сентября 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы