Меню

Страницы

Статья

Банкроттық рәсімін қозғамай кәсіпорындарды тарату

Қазақстан Республикасының заңнамасында борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай таратуға арналған арнайы тетік көзделген. Бұл тәртіп борышкер хабар-ошарсыз кеткен жағдайда немесе оған қатысты заңда белгіленген мән-жайлардың жиынтығы болған кезде қолданылады. Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 113–118-1-баптарына сәйкес, банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату туралы сотқа өтінішпен хабар-ошарсыз кеткен борышкерге қатысты салықтар мен кедендік төлемдер бойынша кредитор, сондай-ақ заңда көзделген талаптар сақталған жағдайда борышкердің өзі жүгіне алады.

Борышкердің сотқа жүгінуі үшін бір мезгілде бірнеше мән-жайдың болуы қажет: кредиторлар алдындағы берешек мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс; өтініш берілгенге дейінгі үш жыл ішінде борышкердің меншік құқығында мүлкі және дебиторлық берешегі болмауға тиіс; аталған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарамсыз деп танылуы мүмкін мәмілелер жасалмауға тиіс. Бұл ретте өтінішке заңда белгіленген мән-жайлардың бар екенін растайтын құжаттар, сондай-ақ мүлік иесінің немесе заңды тұлғаның құрылтайшыларының (қатысушыларының) тиісті шешімі қоса берілуге тиіс.

Осылайша, банкроттық рәсімін қозғамай тарату кез келген кәсіпорынды меншік иелерінің қалауы бойынша тоқтатудың оңайлатылған тәсілі болып табылмайды. Бұл — заңнамада белгіленген негіздер болған жағдайда ғана қолданылатын арнайы сот рәсімі. Аталған рәсім, оның ішінде іс жүзінде қызметін жүзеге асырмайтын борышкерлердің қызметін кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, тәртіппен тоқтатуға бағытталған.

Дата публикации
04 сентября 2026
Дата обновления
04 сентября 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы