Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС; «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-Қазақстан» АҚ; «Үлбі металлургия зауыты» АҚ; «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ; «Ульба-ТВС» ЖШС; «Altyn Shyghys» ЖШС; «ОблШығысЖол» ЖШС; «Усть-Каменогорская ТЭЦ» ЖШС; «Усть-Каменогорская птицефабрика» АҚ; «Объединенная ЭнергоСервисная Компания» ЖШС; «AK NIET GROUP» ЖШС.
2026 жылдың 6 айында салық төлемдері бойынша мемлекеттік бюджетке, жоғарыда аталған кәсіпорындардан 114,3 млрд.теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджетке – 16,3 млрд.теңге, республикалық бюджетке – 98,0 млрд.теңге, салық төлеушінің есеп шотына, "0" қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, 25,8 млрд.теңге түсті.
Облыс бойынша мемлекеттік бюджетке жалпы түсімде республикалық мониторингте тұрған кәсіпорындардан түсетін түсімдердің үлесі 40,3% - ды, оның ішінде жергілікті бюджет бойынша – 14,8% - ды; республикалық бюджет бойынша 56,4% - ды құрайды.
Республикалық мониторинг кәсіпорындарынан түсетін салық түсімдерінің өсу қарқыны 2026 жылдың 6 айында 2025 жылдың ұқсас кезеңіне мемлекеттік бюджет бойынша 198,0% немесе 56,6 млрд.теңге сомамында өсімді құрады; республикалық бюджет бойынша 256,9% немесе 59,9 млрд.теңгеге өсімді құрады.