Өзге экономикадан Республикалық бюджетке 2026 ж. 1-ші жартыжылдықтағы салық төлемдерінің түсімі
"Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.
Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылдың 6 айында салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 83,2 млрд.теңге түсті.
Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 47,9% - ды құрайды.
БСК бөлінісінде түсімдер құрылымы:
- БСК 105101 «ҚР аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы» түсімдер үлесі 48,5%;
- БСК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 11,9%;
- БСК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 10,6%;
- БСК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС» түсімдер үлесі 8,4%.
2026 жылдың 6 айындағы өзге экономиканың ірі төлеушілеріне жатады:
- " Риддер-Полиметалл" ЖШС – түсімдердің үлесі 7,8%;
- " ГРК МЛД " ЖШС – түсімдердің үлесі 5,3%;
- " Бұқтырма СЭС-ы " АҚ – түсімдердің үлесі 3,5%;
- " Меломан Home Video " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,1%;
- " ЭЛХОН " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,1%;
- " Билдинг Ceрвиc " ЖШС – түсімдердің үлесі 2,0%;
- " МАЙ " АҚ – түсімдердің үлесі 1,4%.