Меню

Страницы

Статья

ТМККК және МӘМС шеңберіндегі дәрілік заттар: 2026 жылдан бастап ҚҚС қалай қолданылады?

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесі 16% құрайды. Жекелеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін өткізу және импорт бойынша салық салынатын айналым мөлшеріне 5% мөлшерлеме қолданылады (2027 жылдан бастап – 10%).

Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, медициналық бұйымдардың жиынтықтаушы бөлшектерінің, сондай-ақ техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1204 қаулысымен бекітілген.

Маңызды!

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде өткізілетін, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарға, егер өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылса және олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің тізбесіне енгізілсе, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынбайды, керісінше ҚҚС-тан босатылады.

Осындай тауарларды өткізу кезінде шот-фактурада «ҚҚС-сыз» деген белгі көрсетіледі.

Сонымен қатар, салық заңнамасы шарт талаптарына қарамастан, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған күнге қолданылады.

Бұл ретте шарт бағасын өзгерту, қосымша келісімдер жасау және шарттың өзге де талаптарына қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

Шарт талаптарын өзгерту, егер заңнамада немесе шарттың өзінде өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Дата публикации
28 июля 2026
Дата обновления
28 июля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы