Меню

Страницы

Статья

С. Аманжолов атындағы ШҚУ түлектеріне диплом табыстау рәсімі

026 жылғы 6 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының концерт залында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебі түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсімі өтті. Диплом алғандардың қатарында «Менеджмент», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика», «Құқықтану» және басқа да білім беру бағдарламаларының түлектері болды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері де Өскемен қаласының жоғары оқу орындарымен жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында салтанатты рәсімге қатысты. Аталған меморандум жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, студенттердің білім беру үдерісін жетілдіруге, сондай-ақ салықтық және кедендік сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Департамент меморандум аясында студенттерге салық және кеден заңнамасының нормалары, жалпыға бірдей декларациялау, жеке тұлғалардың банкроттығы, мобильді аударымдар мәселелері бойынша тұрақты түрде оқыту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, студенттердің кәсіби практикасын ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен, мобильді қосымшаларымен жұмыс істеу дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеруіне, түрлі акциялар мен Ашық есік күндеріне қатысуына, мұражайға экскурсия жасауына мүмкіндік береді.

Негізгі назар салықтық мәдениетті арттыруға және болашақта мемлекеттік кірістер органдарына жұмысқа орналасуға қажетті білікті кадрларды сапалы даярлауға аударылады.

Диплом табыстау рәсімінің қорытындысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова Департамент атынан түлектерді жоғары оқу орнын сәтті аяқтап, диплом алуларымен құттықтады. Сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына жұмысқа шақырып, бұл салада құнды тәжірибе жинақтауға, кәсіби тұрғыдан өсуге және алған білімдерін тәжірибеде жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Дата публикации
13 июля 2026
Дата обновления
13 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы