Меню

Страницы

Статья

Облыс нарықтарында кассалық тәртіптің сақталуы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы сәуір айында «Дина» көтерме-бөлшек сауда нарығында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нарықта сауда қызметін жүзеге асыратын барлық тұлғаларға түсіндіру барысында кәсіпкерлік қызметті ресми тіркеу, бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және фискалдық чектерді міндетті түрде беру, қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде төлем карталарын пайдалану арқылы төлем қабылдауды (POS-терминалдар) қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Тұтынушылардың құқықтарын сақтау және облыс тұрғындарының әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында 31 нарықпен (оның ішінде Өскемен қаласындағы 12 нарық), жергілікті атқарушы органдармен және нарық әкімшіліктерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде БКМ мен POS-терминалдарды қолдану мәселелері бойынша үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.

2026 жылғы мамыр-маусым айларында Өскемен қаласының нарықтарында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша нарықта сауда жасайтын кейбір тұлғалардың заңнама талаптарын бұза отырып бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратыны, оның ішінде БКМ-ны тіркемей және POS-терминалдарсыз жұмыс істейтіні анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік кірістер органдары кассалық тәртіпті бұзғаны үшін 22 жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік материалдар рәсімдеді.

Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Барлық бизнес субъектілерін салықтық міндеттемелерін уақытылы және толық көлемде орындауға шақырамыз.

Құрметті тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар! БКМ мен POS-терминалдарды қолдану талаптарының бұзылуы туралы ақпараты бар тұлғалар бейнежазбамен расталған құқық бұзушылық фактілері жөнінде тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарлай алады.

Дата публикации
23 июня 2026
Дата обновления
23 июня 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы