Меню

Страницы

Статья

Жиі қойылатын сұрақтар-жауаптар

Сұрақ: Есепті  кезеңде бір контрагентке қолма-қол түрде 4 рет төлем жасалған (3 500,0 мың теңге, 2 750,0 мың теңге, 2 900,0 мың теңге, 1 070,0 мың теңге), жалпы сатып алу сомасы 9 920,0 мың теңгені құрайды. Бұл шығындар КТС бойынша шегерімдерге және ҚҚС бойынша есепке жата ма?

Жауап: Бір контрагентпен жазбаша шарт болған жағдайда, шарттың бүкіл сомасы бір мәміленің сомасы болып есептеледі және осындай мәміле шеңберіндегі төлемдер жалпы түрде қарастырылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 151-баптың 1-тармағы, 378-бап). Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының 25-бабының 9-тармағының талаптарын ескере отырып, егер мәміле сомасы 1 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асса, төлем тек қолма-қол ақшасыз түрде жүргізілуі тиіс.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, бір жеткізуші-контрагентпен (ҚҚС төлеушісі) жасалған шарт бойынша көрсетілген мәміленің жалпы сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда, қолма-қол төлем арқылы төленген жағдайда, төлемнің мерзімділігіне қарамастан, төлем жасалған күнгі 1 000 еселенген АЕК шегінен асып кеткен болса, онда мұндай шығындар ҚҚС жеткізуші-контрагентпен корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімге және қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызылмайды.

Дата публикации
19 июня 2026
Дата обновления
19 июня 2026
Тип
ТОП сұрақтар-жауаптар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы