Меню

Страницы

Статья

Өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын есептен шығару

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша өткізілген шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі біржолғы акцияның қорытындылары туралы хабарлайды.

Аталған шара кәсіпкерлердің борыштық жүктемесін төмендетуге және салықтық берешекті ерікті түрде өтеуді ынталандыруға бағытталды. Жалпы, бұл жұмыс жаңа Салық кодексіне көшу кезінде «таза парақтан бастау» қағидаты аясында жүргізілді. Негізгі мақсат — бизнеске жинақталған берешексіз жаңа талаптар бойынша жұмысын бастауға мүмкіндік беру.

Бекітілген қағидаларға сәйкес:

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарында есептелген өсімпұлдар;

негізгі берешек толық өтелген жағдайда салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша айыппұлдар;

2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебіне уақтылы қойылмағаны үшін жекелеген айыппұлдар есептен шығаруға жатқызылды.

Акцияға қатысудың негізгі шарты — 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында берешектің негізгі сомасын толық өтеу болды. Берешек өтелгеннен кейін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару мемлекеттік кірістер органдарының арнайы комиссияларымен дербес шоттарға жүргізілген тексеру қорытындылары негізінде жүзеге асырылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жүргізілген есептен шығару нәтижесінде 538 млн теңге сомасындағы негізгі берешек өтелді, 246 млн теңге өсімпұл және 208 млн теңге айыппұл есептен шығарылды.

Қабылданған шара кәсіпкерлерге қосымша қаржылық санкцияларсыз салықтық міндеттемелерін реттеуге, банкроттық тәуекелін төмендетуге және жинақталған берешексіз өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді.

Дата публикации
11 июня 2026
Дата обновления
11 июня 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы