Меню

Страницы

Статья

Аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармасында "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау"тақырыбында кездесу

2026 жылғы 05 маусымда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов К.К. Зайсан, Күршім, Марқакөл аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларының лауазымды тұлғаларымен онлайн-кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамаларын, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау мәселелері, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу іс-шаралар талқыланды.

Койшинов К.К. мемлекеттік қызметшілер қоғамға үлгі болуы тиіс екенін, заң талаптарын бұзбауы, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауы және салауатты өмір салтын ұстануы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ол құмар ойындарына қатысуға, қоғамдық орындарда және көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде басқаруға тыйым салынатынын еске салды.

Кеңес қорытындысы бойынша Койшинов К.К. жоғарыда айтылған талаптарды тұрақты сақтау, тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдарда заңдылық пен жауапкершілік атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Дата публикации
08 июня 2026
Дата обновления
08 июня 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы