Меню

Страницы

Статья

Өскемен қаласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында республикалық Спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті

2026 жылғы 29 мамырда Өскемен қаласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасында республикалық Спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті. Спорттық іс - шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Абай облысы бойынша МКД, Павлодар облысы бойынша МКД, Қарағанды облысы бойынша МКД және Ұлытау облысы бойынша МКД командалары қатысты.

Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды дамыту және командалық рухты нығайту. Қатысушылар шағын футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі және киберспорт түрлері бойынша бақ сынасты.

Спартакиаданы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов ашты. Іс - шараға құрметті қонақ ретінде Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, Бас төреші, «ШҚО Ардагерлер және спорт кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Мұхамедолла Ағзамов қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Шағын футбол
• I орын — Абай облысы бойынша МКД
• II орын — Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД
• III орын — Павлодар облысы бойынша МКД

Номинациялар:
• Үздік қақпашы — Мұхамеджан Абдразаков (Абай облысы бойынша МКД)
• Үздік қорғаушы — Әсет Мамиев (Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД)
• Үздік шабуылшы — Қаныш Назарымбетов (Ұлытау облысы бойынша МКД)
• Үздік ойыншы — Тамул Исабеков (Қарағанды облысы бойынша МКД)
• Үздік сұрмерген — Уалихан Қарабалин (Павлодар облысы бойынша МКД)

Волейбол
• I орын — Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД
• II орын — Қарағанды облысы бойынша МКД
• III орын — Павлодар облысы бойынша МКД

Номинациялар:
• Үздік шабуылшы — Ерәділ Нұркен (Қарағанды облысы бойынша МКД)
• Үздік ойыншы — Мира Оразғалиева (Павлодар облысы бойынша МКД)
• Үздік тосқауыл қоюшы — Нұрбек Бейсенов (Абай облысы бойынша МКД)
• Үздік қорғаушы — Жадыра Нысанбаева (Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД)
• Үздік байланыстырушы — Айжан Ембергенова (Ұлытау облысы бойынша МКД)

Шахмат
• I орын — Павлодар облысы бойынша МКД
• II орын — Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД
• III орын — Қарағанды облысы бойынша МКД

Номинациялар:
• Үздік ойыншы — Азамат Сейлханов (Павлодар облысы бойынша МКД)
• Үздік ойыншы — Алмас Чиликбаев (Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД)

Үстел теннисі
• I орын — Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД
• II орын — Қарағанды облысы бойынша МКД
• III орын — Павлодар облысы бойынша МКД

Номинациялар:
• Үздік ойыншы — Дана Дүйсембекова (Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД)
• Үздік допты қабылдаушы — Радик Гизатулин (Қарағанды облысы бойынша МКД)

Киберспорт

Counter-Strike
• I орын — Абай облысы бойынша МКД
• II орын — Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД
• III орын — Павлодар облысы бойынша МКД

Dota
• I орын — Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД
• II орын — Абай облысы бойынша МКД
• III орын — Қарағанды облысы бойынша МКД

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасындағы республикалық Спартакиаданың финалдық кезеңінде өз өңірлерінің намысын қорғау құқығына ие болды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ жарысқа қатысушыларды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер мен республикалық кезеңде сәтті өнер көрсетулеріңізді тілейміз!

Дата публикации
03 июня 2026
Дата обновления
03 июня 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы