Меню

Страницы

Статья

Вагондардың бос тұрып қалуы бойынша шығыстарды, айыппұлдарды, өсімпұлдар мен тұрақсыздық айыбын салықтық есепке алу тәртібі туралы

Егер вагондардың бос тұрып қалуына байланысты шығыстар мен айыппұл санкциялары табыс алуға бағытталған қызметпен байланысты болса және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы талаптарына сәйкес рәсімделген бастапқы есеп құжаттарымен расталса, мұндай сомалар корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша шегерімдерге жатқызылуы мүмкін.

Бұл ретте бюджетке төленуге жататын айыппұлдар мен өсімпұлдар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша санкцияларды қоспағанда, шегерімдерге жатқызылмайды.

Айыппұлдар, өсімпұлдар және вагондардың бос тұрып қалуына байланысты шығыстар сомалары сатып алушыға қайта ұсынылған жағдайда, алушы тарап үшін мұндай сомалар КТС есептеу кезінде табыс ретінде танылады.

ҚҚС бойынша тәртіп шарт талаптарына және төлемдердің сипатына байланысты:

1. егер сомалар тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді өткізумен байланысты болса, олар ҚҚС салынатын айналымға енгізіледі;

2. егер айыппұл санкциялары өткізумен байланысты болмаса, ҚҚС бойынша міндеттеме және ЭШФ жазып беру туындамайды.

Салық төлеушілерге шарттық қатынастар мен растайтын құжаттарды мұқият рәсімдеу ұсынылады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Дата публикации
28 мая 2026
Дата обновления
28 мая 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы