Меню

Страницы

Статья

Электрондық сауда тауарларына декларация (ЭСД)

Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілетін өзгерістерге сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны (ЭСД) пайдалана отырып, электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды енгізу көзделіп отырғанын хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі бекітілді.

Сонымен қатар, Алқаның 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №144 шешімімен электрондық құжат түріндегі электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның құрылымы мен форматы бекітілді.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерде тиісті функционалды іске асыру бойынша жұмыстар аяқталып, «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» (ЭСД) функционалы әзірленді. Аталған функционалды іске қосу және ЭСД-ны қолдану 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Telegram қосымшасында арнайы чат іске қосылды: ДЭТ-Тестирование УВЭД https://t.me/+guX61IzTzwU1YTcy.

Аталған чатта тестілеуді өткізуге қатысты ақпарат жарияланатын болады. Осыған сәйкес, көрсетілген мүдделі тұлғаларға (электрондық саудаға қатысушылардың, пошта байланысы операторларының, экспресс-тасымалдаушылардың және сыртқы экономикалық қызметтің өзге де қатысушылар) жүйені тестілеуге қатысу ұсынылады. Жүйені пайдалану барысында қандай да бір ескертулер немесе ұсыныстар туындаған жағдайда, оларды аталған чатқа жолдауға болады.

Дата публикации
28 мая 2026
Дата обновления
28 мая 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы