Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілердің назарына

2026 жылы 2025 жыл үшін 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны мына тұлғалар тапсырады:

  1. мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары;

  2. заңды тұлғалардың басшылары және олардың резидент-жұбайлары;

  3. жарғылық капиталдағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайызынан астамын иеленетін заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда;

  4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарына сәйкес банктің ірі қатысушылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент-жұбайлары;

  5. жеке практикамен айналысатын адамдар;

  6. кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның есепті салық кезеңінде дербес салық салынатын кіріс алған, тұлғалар;

  7. Қазақстан Республикасынан шегінен тысқары жерде орналасқан шетелдік банктердегі банк шоттарында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;

  8. шетелде мүлкі бар тұлғалар;

  9. меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;

  10. есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тысқары жерде жиынтық құны 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын мүлік (жылжымайтын мүлік; механикалық көлік құралдары мен тіркемелер; заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; бағалы қағаздар; туынды қаржы құралдары; тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері; инвестициялық алтын) сатып алған тұлғалар;

  11. өзге шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы салық агентіне өтініш берген тұлғалар (01.01.2026 ж. бастап – 2025 жылғы өтініштер бойынша).

Декларацияны тапсыру мерзімі – 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін.

Декларацияны электрондық форматта «Салық төлеушінің кабинеті ИСНА», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqAzamat», Halyk, Bank CenterCredit, Kaspi мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Сонымен қатар, азаматтар декларацияны қағаз түрінде пошта арқылы, ХҚКО арқылы немесе мемлекеттік кірістер басқармасында тікелей тапсыруға құқылы.

Дата публикации
26 мая 2026
Дата обновления
26 мая 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы