Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 175 – н/қ бұйрығына сәйкес тыйым салулар енгізілгенін хабарлайды:

1. 2026 жылғы 21 мамырдан 2026 жылғы 21 қарашаға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкетуге:

а) жағармай майларын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін  (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00)  автомобиль көлігімен әкетуге;

б) бензинді (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0) әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12)  темір жол көлігімен әкетуге тыйым салынды.

2. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8), авиакеросиндер және дизель отынын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0), газойль (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2710 20 110 0 – 2710 20 190 0), толуола, ксилола (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0), мұнай битумын (ЕАЭО СЭҚ ТН сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 2713 20 000 0) әкетуге тыйым салынды.

Дата публикации
18 мая 2026
Дата обновления
18 мая 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы