Меню

Страницы

Статья

Коммерциялық емес ұйымдар үшін БКМ қолдану

Қазақстан Республикасының аумағында Салық кодексінің 110-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, осы бапта өзгеше белгіленбесе, ақша есеп айырысулары деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (БКМ) міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл БКМ модельдері кассалық машиналар тізіліміне енгізілген болуы тиіс.Бақылау-кассалық машинаны (БКМ) қолданудан келесі тұлғалар босатылады:

1.жеке тұлға;

2.жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;

3.билеттер беру арқылы қалалық қоғамдық көлікте жолаушылар тасымалдау қызметін көрсететін тұлға. Қоғамдық қалалық көлік билеттерінің нысаны көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті мемлекеттік органның уәкілетті органмен келісімі бойынша бекітіледі;

4.Ұлттық Банк;

5.екінші деңгейдегі банк;

6.діни бірлестік;

7.Ұлттық пошта операторы, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақша есеп айырысуларын қоспағанда;

8.арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлға.

Осылайша, заңнамада бақылау-касса машиналары қолданылмайтын адамдардың толық тізбесі мен негіздері көзделген.

Коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ), жоғарыда көрсетілген тізімге кірмейді. Тиісінше, МИБ үшін бақылау-кассалық машиналарды қолданудан босату салық заңнамасында көзделмеген.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 19-бабының 1-тармақшасына сәйкес, ақша есеп айырысулары — тауар сатып алу, жұмыс орындау, қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшамен және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар болып табылады.

Осылайша, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшамен және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильді төлемдерді пайдалану арқылы ақша есеп айырысуларын жүзеге асырған кезде коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде МИБ, БКМ қолданып, БКМ чегін беруі міндетті.

Дата публикации
04 мая 2026
Дата обновления
04 мая 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы