Меню

Страницы

Статья

Қызмет туралы 493-нысан бойынша мәліметтерді ұсыну туралы

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Жаңа Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес, сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифт қызметтерін көрсету және/немесе көлік саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар салық органы орналасқан жері бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін электрондық түрде үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпарат береді.

Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты ұсыну формасы және оны ұсыну тәртібі 2025 жылғы 30 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №554 бұйрығымен бекітілген (Ережелер).

Ережелерге сәйкес, 493-О «Қызметтер» формасын — «Сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифт қызметтерін көрсету және/немесе көлік саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар ұсынатын үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы ақпарат» ұсыну міндеттемесі ұйымдарға жүктелген.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, ұйымдар қатарына заңды тұлғалар жатады, ал жеке кәсіпкерлер осы категорияға кірмейді.

Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде жүк тасымалы саласында қызмет көрсететіндер, 493-О «Қызметтер» формасын ұсынуға міндетті емес.


ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті

Дата публикации
30 апреля 2026
Дата обновления
30 апреля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы