Меню

Страницы

Статья

«Тауар декларациясы» модулін енгізу бойынша

2026 жылдың 23 сәуірде «Өскемен-КРО» кеден бекетінде Кеден ақпараттық жүйесінде «Тауар декларациясы» модулін енгізу бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Өзгерістер кедендік рәсімдерді автоматтандыруды және жеңілдетуді, сондай-ақ қағаз құжаттарды цифрландыруды көздейді. Атап айтқанда, декларанттарға жіберілетін барлық сұраныс түрлері, тауарлар декларацияларына өзгерістер енгізу туралы сұраныс/шешім нысаны (бұдан әрі - ТД), ТД түзету нысаны және басқа да процестер автоматтандырылды.

«Тауар декларациясы» модулі 2026 жылдың 11 сәуірде іске қосылды. Іске қосу ұсынылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып жүзеге асырылды.

Іс-шара жұртшылықты Кеден ақпараттық жүйесіндегі жаңа «Тауар декларациясы» модулімен таныстыру және оны жаңа жүйеде толтыруға байланысты проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел отырысына сыртқы саудаға қатысушылардың өкілі болып табылатын кеден өкілдері мен декларанттар қатысты. Кездесу барысында кеден қызметкерлері жаңа жүйеде тауарлар декларацияларын толтыру және тапсыру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Кеден ақпараттық жүйесінде модулінде жұмыс істеу  кезінде туындаған кез келген мәселелерді талқылап, сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Дата публикации
24 апреля 2026
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Сөз сөйлеу
22 октября 2026
«БИЗНЕС ЖӘНЕ САЛЫҚТАР»: РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТЕРДІҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ
Мерзімді БАҚ
22 октября 2026
25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІ!
Ақпарат
22 октября 2026
Құрылыс материалдарын әкелуді реттеу жөніндегі бұйрықтардың күшін жою туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы