Меню

Страницы

Статья

ШҚО мемлекеттік қызметшілері арасында XIX облыстық Спартакиада басталды: ШҚО бойынша МКД қызметкерлері шахматтан жеңіске жетті

2026 жылғы 7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының, облыстық басқармаларының және аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметкерлері арасында XIX облыстық спартакиада басталды.

Спорттық іс - шараның бастамашылары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті және Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Спартакиаданы өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің оң имиджін нығайту.

Спартакиада аясында волейбол, шағын - футбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тарту, садақ ату, баскетбол және қазақ күресі спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылған.

Спартакиаданың ашылу салтанаты күні, 7 сәуірде шахматтан жарыстар өтті. Жарыс қорытындысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Жеке есепте 30 қатысушының ішінде Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің басшысы Алмас Чиликпаев құрметті екінші орынды иеленді.

Әріптестерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Дата публикации
09 апреля 2026
Дата обновления
09 апреля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы