Меню

Страницы

Статья

Жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығы

ҚР ҚМ МКК «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ 2023 жылдың 3 наурызынан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан ары-Заң) әрекет етеді.                                                                                                          

Заңдағы жеке тұлғалардың қарыз мәселелерін шешуге арналған рәсімдерінің бірі бұл-соттан тыс банкроттық.

Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығы – бұл бұл азаматтардың борыштарын сотқа жүгінбей есептен шығарудың жеңілдетілген рәсімі.

Соттан тыс банкроттық рәсімін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы 1 600 АЕК-дан кем борыштар бойынша қолдануға болады (борыш 6,2 млн.теңгеден аспауы керек), егер өтініш берілген күнге қатарынан он екі ай бойы міндеттемелер өтелмеген болса,  мүлік жоқ болса. Азаматтардың жекелеген санаттары (әлеуметтік осал, ұзақ мерзімді борышқа батқан тұлғалар) жеңілдетілген тәртіпті пайдалана алады. Бұл ретте заңнамада шектеулер белгіленген: алименттер және өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелер өтеуден босатылмайды. Өтініш электрондық үкімет порталы (eGov.kz.)  арқылы ХҚКО-ларда, сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov Mobile   мобильді қосымшалары арқылы беріледі.  

Рәсім 6 айға созылады, ол аяқталғаннан кейін банкроттың міндеттемелері тоқтатылуға жатады.

Банкрот деп танудың негізгі салдары: берешектерді есептен шығару (ерекшеліктерімен); 5 жыл мерзімге несие алуға тыйым салу; 7 жылдан кейін қайта банкроттық рәсімін қолдану мүмкіндігі; 3 жыл бойы банкротқа мониторинг жүргізу.

03.03.2023 жылдан бастап, яғни заң қолданысқа енгізілген сәттен бастап 30.03.2026 жылғы жағдай бойынша ШҚО бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға 10 595 өтініш келіп түсті, соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы 1 680   азамат банкрот деп танылды.

Дата публикации
31 марта 2026
Дата обновления
31 марта 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы