Меню

Страницы

Статья

ҚҚС, тіркеу есебі

Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады:

1)Салық төлеушілер базасында ҚР-да қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлғалар;

2)ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес ҚР –ның аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

1.ерікті тіркеу есебіне қою (ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайтындардан басқа барлық тұлғалар үшін);

2.міндетті тіркеу есебіне қою (күнтізбелік жыл ішінде айналымның шекті мөлшерінен асып кеткен жағдайда, соның ішінде сенімгерлік басқарушы үшін);

1.шартты тіркеу есебіне қою (шетелдік компаниялар үшін).

ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:

2.жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне өткен кезде;

3.қызметін тоқтатқанда немесе заңды тұлға таратылғанда.

Айналымның шекті мөлшеріне жетпеген жағдайда тіркеуден шығару көзделмеген.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюға жатпайтындар:

1.мемлекеттік мекеме;

2.резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

3.жеке тәжірибемен айналысатын тұлға;

4.арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші;

5.жеке тұлға.

Айналымның шекті мөлшері 10 000 АЕК (43 250 000 тенгені) құрайды.
Міндетті тіркеу үшін өтініш айналымның шекті мөлшерінен асқан күннен

бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Егер мәміле шекті айналым мөлшерінен асатын болса, салық төлеуші

мұндай мәміле жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.

Тіркеу есебіне қоюға дейінгі кезеңде айналымның шекті мөлшерінен

асқан және жасалған айналым тіркеу есебіне қойылмаған кезең үшін салық салынатын айналым болып танылады және жауапкершілікке әкеледі.

Дата публикации
19 марта 2026
Дата обновления
19 марта 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы