Меню

Страницы

Статья

Микро және шағын бизнес үшін қызметті тоқтату тәртібі бекітілді

ҚР ҚМ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы №654 бұйрығына өзгерістер енгізді.

Аталған құжат 2026 жылғы 20 ақпанда №38022 болып ҚР ӘМ тіркелді.
Қабылданған өзгерістер ең алдымен микро және шағын бизнес субъектілері үшін кәсіпкерлік қызметті тоқтату рәсімдерін оңайлатуға және әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

Осы Қағидаларда:
- Жекелеген санаттағы салық төлеушілер үшін қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібі белгіленді.
- Камералдық бақылау шарттарына сәйкес келетін микро және шағын бизнес субъектілеріне камералдық бақылау жүргізбестен қызметті аяқтау мүмкіндігі көзделген.
- Егер салық төлеуші қызметті тоқтату туралы өтініш берсе, 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған салық есептілігі бойынша 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін камералдық бақылау жүргізілмейді.

Сондай-ақ тарату кезіндегі салықтық берешекті өтеу тәртібі нақтыланды. Мүлік жеткіліксіз болған жағдайда қалған берешек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда құрылтайшылар (қатысушылар) есебінен өтеледі, бұл ретте Салық кодексінің нақты нормасына байланыстырылмайды.

Қабылданған шаралар бизнесті қолдауға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Толық ақпаратпен келесі сілтемеге өту арқылы танысуға болады: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/222326/kaz

Дата публикации
25 февраля 2026
Дата обновления
25 февраля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы