Меню

Страницы

Статья

Арнайы салық режимдеріндегі өзгерістер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 715-бабына сәйкес, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен бөлек, салық төлеуші төмендегі үш арнайы салық режимінің бірін таңдауға құқылы:

1. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР

2. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР

3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР

2026 жылдан бастап өзге барлық арнайы салық режимдері (патент, тіркелген шегерім, бөлшек салық, ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған АСР) күшін жояды.

Салық кодексінің 723-бабына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін арнайы салық режимдерін қолданған жеке кәсіпкерлер, қолдану шарттарын сақтай отырып, оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2026 жылдың 1 наурызына дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуға міндетті.

2026 жылдың 1 наурызына дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер (шаруа қожалықтарын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, патент негізіндегі режимді және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушы деп танылады.

Осыған байланысты, салық төлеушілердің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке қалаусыз ауысуын болдырмау мақсатында таңдалған режимге уақтылы көшу қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Салық кодексінің 840-бабына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін патент негізіндегі арнайы салық режимін және арнайы мобильді қосымшаны (СМП) қолданған, бірақ оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану туралы хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер 2026 жылдың 1 наурызына салық органы тарапынан жеке кәсіпкер ретінде автоматты түрде есептен шығарылады.

Мұндай салық төлеушілердің жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарылған күні – 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі.

Сонымен қатар, кейбір жеке кәсіпкерлерде бақылау-кассалық машиналар тіркелген және салық берешегі бар. Осыған байланысты, егер аталған жеке кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне өтуді жоспарламаса, 2026 жылдың 1 наурызына дейін бақылау-кассалық машиналарды тіркеуден өз бетінше алып тастауы және салық берешегін толық өтеуі қажет. Себебі көрсетілген күннен кейін олар жеке кәсіпкер ретінде есептен шығарылады және әлеуметтік аударымдарды төлеу мүмкіндігінен айырылады.

Дата публикации
23 февраля 2026
Дата обновления
23 февраля 2026
Тип
Мерзімді БАҚ

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
15 октября 2026
СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат. Тыйымдар мен шектеулерді сақтау
Мерзімді БАҚ
15 октября 2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: мемлекеттің дамуының жаңа кезеңі
Мерзімді БАҚ
13 октября 2026
Мемлекеттік кірістер департаменті, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотты мен ШҚО әкімшілері қатысуымен семинар-кеңес

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы